Әжелеріміз "Айгөлек" ересек тобына келіп "Алтын сақа" ертегісін айтып берді. Ертегі балалар көңілінен шықты. Сұрақ-жауап арқылы ертегі мазмұнын терең ұғынып, балаларды әділ, жанашыр, қамқор болуға шақырды.
Ата-аналар мен балалардың "Күзгі жәрмеңкеге" қатысуы және қолөнер жұмыстарымен танысуы. Алақай! Алақай! Шаттанды балақай! Күз түсті, дән пісті. Айтамыз алғысты.
Жылдық жоспарға сәйкес ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс күн тәртібіне сәйкес бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Ж.Ш. Маниева "Qamgor tesh" жүйесінің мобильді қосымшасы туралы және басқа да мәселелер туралы түсіндіріп өтті.