"Дариға апа" бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Ж. Ш. Маниева Байзақ аудандық мәслихаты білім беру саласындағы көп жылғыжемісті еңбегіүшін "Құрмет грамотасымен" марапатталды. Құттықтаймыз!
Балаларымызды Республикалық "Абай әлемі" байқауына дайындап, жүлделі орын алған үшін тәрбиеші Уркимбаева Г.Т. және психолог Кульджабаева А. К. құрмет грамотасы және алғыс хатпен марапатталды.
"Сюжеттік-рөлдік ойындар көрмесі" атты аудандық байқаудан "Дариға апа" бөбекжай-бақша ұжымы алғыс хатпен және бөбекжай тәрбиешілері Төлегенова Айжан Оразбекқызы мен Уркимбаева Гулжанар Тұрғынбайқызы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды!
Әжелеріміз "Айгөлек" ересек тобына келіп "Алтын сақа" ертегісін айтып берді. Ертегі балалар көңілінен шықты. Сұрақ-жауап арқылы ертегі мазмұнын терең ұғынып, балаларды әділ, жанашыр, қамқор болуға шақырды.
Жылдық жоспарға сәйкес ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс күн тәртібіне сәйкес бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Ж.Ш. Маниева "Qamgor tesh" жүйесінің мобильді қосымшасы туралы және басқа да мәселелер туралы түсіндіріп өтті.
"Дариға апа" бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Ж.Ш. Маниева "Аманат" партиясының өркендеуіне белсене үлес қосқаныны үшін "Аманат" партиясының "Құрмет грамотасымен" марапатталды.
"Дариға апа" бөбекжай-бақшасының кіші қызметкері Бидайбекова Эльмира Ауданбекқызы Байзақ аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінен алғыс хатпен марапатталды.