Балалар жұмысы » "Дариға апа" бөбекжай - бақшасы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«Дариға апа» бөбекжай-бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау телефоны:
+7 (726) 373-23-33
Жауапты маман:
+7 (707) 636-96-72
Адеми:
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-аналар жиналысы "Құлыншақ"ортаңғы  топ
18
сентябрь
2025
Ата-аналар жиналысы "Құлыншақ"ортаңғы топ
"Құлыншақ" ортаңғы тобында ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысында жаңа оқу жылының жоспарымен ата-аналарды таныстырды. Жиналыста балабақша психологі Кульджабаева А.К. "Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасы" жайлы айтып өтіп, тренинг ұйымдастырылды.
"Тіл -татулық тірегі!"
05
сентябрь
2025
"Тіл -татулық тірегі!"
Тіл – ұлттың рухани байлығы, халықтың жаны. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – Тәуелсіз Қазақстанның басты басымдықтарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жөнінде: «Қазақ тілі – ұлттың ұйытқысы. Бұл тілдің мерейін асырып, қолданыс аясын кеңейту – бәріміздің азаматтық парызымыз» деп нақты атап өткен болатын. Мемлекет басшысының бұл сөзі барша қазақстандықтар үшін бағдаршам іспетті.  Тілдер күні – бұл тек мереке ғана емес, әрбір азаматтың ана тіліне, мемлекеттік тілге деген
"Білім күні"
02
сентябрь
2025
"Білім күні"
Соқ, соқ қоңырау Сыңғырлайды қоңырау Сылдырлайды қоңырау Сыңғырлайды, сылдырлайды соңғы қоңырау! Гүлдерге толы омырау, Өмірде жоқ қой тоқырау. Қимастық сезім оятып, Соғылсын соңғы қоңырау. Жыл он екі ай – үш жүз алпыс, Бірде — бірі жатсынбасын ешкім де. Үш жүз алпыс күннің бірі – білгенге – Білім күні! Сенің де ойың өсті ме?! 
Көңілді әуендер
19
август
2025
Көңілді әуендер
Мақсаты:   Қазақтың ұлттық аспаптары жайында танымын кеңейту. Музыка тыңдау, талдау барысында өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету. Музыкаға қызғушылығы мен ынтасын ояту. Ән айту дағдыларын меңгерту. Музыка жетекшісі: Сәдуақасова Ұ.О.
Біз көңілді балдырған
14
август
2025
Біз көңілді балдырған
Мақсаты:  Балалардың Қазақ Ұлттық аспаптары жайлы білімдерін кеңейту. Музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, олардың құрлымын және оларды дыбысынан мінезіне қарай ажырата білуге үйрету.
Менің адал достарым!
12
август
2025
Менің адал достарым!
Мақсаты. 1. Үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. 2. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету. 3. Еңбекқорлыққа баулу. "Балапан" ересек тобы Тәрбиеші: Уркимбаева Г. 
Менің нәзік достарым!
11
август
2025
Менің нәзік достарым!
Мақсаты: Түстерді ажырата білу, гүлдер туралы білімдерін толықтырып, гүлдердің түрлерімен таныстыру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын айтуын, оларды баптап, күту ережелерімен таныстыру. Әдемілікті сезіне білуге ықпал ету. Табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.  "Құлыншақ" орта топ  Тәрбиеші: Дуанбекова Г. Ж.
Нан болса әнде болады!
06
август
2025
Нан болса әнде болады!
Мақсаты: балаларға нанның күнделікті өнім екендігі туралы түсінік беру..  Міндеті:: - балаларды нанның қайдан келетінін, оны қалай жасайтынын, оны кім өсіретінін және пісіретінін таныстыру; - ересектердің еңбегін құрметтеуге, нанға ұқыпты қарауға тәрбиелеу. "Құлыншақ" орта топ  Тәрбиеші: Дуанбекова Г. Ж. 
Су әлемі
01
июль
2025
Су әлемі
"Су әлемінде" сумен шынығу,шомылу,қауіпсіздік ережелерін сақталуын қадағалау. Балалардың зерттеушілік қызығушылықтарын арттыру. 
Сейсмикалық жаттығу
16
апрель
2025
Сейсмикалық жаттығу
Жер сілкінісі кезінде эвакуациялау бойынша дұрыс іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін қажетті мамандар мен персоналдың кәсіби және психофизиологиялық дайындығын қазіргі деңгейде ұстап тұру, сондай-ақ мамандар мен персоналдың өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен қағидаларын оқыту мақсатында "Дариға апа" бөбекжай-бақшасы жалпы сейсмикалық жаттығудан өтті.Жер сілкінісі кезінде басқарушы құрамның, қызметкерлер және тәрбиеленушілер дайындықтан өтті. 
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 13 Вперед