19
март
2019
"Қош келдің - Әз Наурыз" мерекелік ертеңгілігі


Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу. Ертеңгілікте "Наурыз Думан" әні орындалып, "бесікке салу", "ат қою" салт-дәстүрлері көрсетіліп, "Арқан тарту", "Қыз қуу" және "Ханталапай" ұлттық ойындары ойнатылды. Балалар "Қара жорға, "Боз жорға" және "Қамажай" билерін мың бұралып биледі.