06
май
2019
"Еңсесі биік - Ұлы Жеңіс!". "Айгөлек" ортаңғы тобы.
Мақсаты: Балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге тәрбиелеу. Ертеңгілікте "Сарбаздар биі", "Теңізшілер биі" және "Синий платочек" билері орындалып, "Бейбітшілік" және "Жойылсын соғыс, болмасын!" әндері өз нақышында орындалды. Ертеңгілікті "Айгөлек тобының тәрбиешілері Ақбердиева Сабира және Тулегенова Зулпия жүргізді. 



